Максим Самородов мәскеулік «Спартакқа» медициналық тексерістен өтуге аттанды
Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйдың «Ахматы» сапындағы вингер Максим Самородов Мәскеудің «Спартак» клубына ауысуын рәсімдеу үшін медициналық тексерістен өтуге бара жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйдың «Ахматы» сапындағы вингер Максим Самородов Мәскеудің «Спартак» клубына ауысуын рәсімдеу үшін медициналық тексерістен өтуге бара жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Тараптар мәміле шарттары бойынша соңғы келіссөздерді жалғастыруда. Бұған дейін «қызыл-ақтар» ойыншы үшін 600 миллион рубль және бонус ұсынғаны, ал «Ахмат» бұдан да үлкен сома алғысы келетіні хабарланған болатын.
«Ақтөбенің» түлегі Грозный клубында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 74 матч өткізіп, 14 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшының құнын 3 миллион евроға бағалайды.
Максим Самородов: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі, жары. Мәскеулік «Спартакқа» ауысуы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
