«Өте жақсы ойыншы»: Джейми Варди Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді
Ағылшындық «Бернлидің» 39 жастағы шабуылшысы Джейми Варди ASnews.kz сайтына берген шағын сұхбатында қазақстандық командаласы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді

Ағылшындық «Бернлидің» 39 жастағы шабуылшысы Джейми Варди ASnews.kz сайтына берген шағын сұхбатында қазақстандық командаласы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді.
«Ол – жақсы, өте жақсы ойыншы», – деп қысқа қайырды Варди.
Еске салайық, Чемпионшиптің тоғызыншы турында Ники Хайен жаттықтыратын «Бернли» «Уотфордты» 4:0 есебімен тас-талқан етіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Жеңімпаз команда сапында Бруун Ларсен, Амдуни, Хатате және Эдвардс мергендік танытты. Ал қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 74-минутта қосалқы құрамнан алаңға қосылып, матч соңында Джейми Вардиге нәтижелі пас берген еді, алайда төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынбады.
Айта кетейік, Джейми Варди – футбол әлеміндегі танымал тұлғалардың бірі. Ол 2015/16 жылғы маусымда Англия чемпионы әрі маусымның үздік ойыншысы атанған. Сондай-ақ Англия Кубогы мен Суперкубогының иегері. «Бернлиге» дейін тәжірибелі шабуылшы италиялық «Кремонезе» сапында өнер көрсеткен.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
