Қазақстан құрамасына үміткер футболшы «Вильярреалға» гол соқты: видео

«Хисторикс» академиясының 17 жастағы шабуылшысы Лев Тибейкин Испанияның жасөспірімдер чемпионаты аясында «Вильярреалға» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстан құрамасына үміткер футболшы «Вильярреалға» гол соқты: видео
Лев Тибейкин

«Хисторикс» академиясының 17 жастағы шабуылшысы Лев Тибейкин Испанияның жасөспірімдер чемпионаты аясында «Вильярреалға» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Жас Қыранның» түлегі чемпионаттың ашылу матчында «Вильярреалдың» жасөспірімдер командасына қарсы 35 минут ойнады. Вингер міндетін де атқара алатын орталық шабуылшы «Хисторикстің» жалғыз добының авторы атанды (1:4).

Айта кетейік, Лев Тибейкин Испанияда төрт жылдан астам уақыт тұрады. Бұған дейін футболшы «Патерна» мен «Альсира» сапында өнер көрсеткен. Болашақта ол Қазақстанның U-19 құрамасына шақырту алуы мүмкін.

«Бернли» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылу мерзімін атады

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз