Қазақстан құрамасына үміткер ойыншы «Баварияда» көзге түсті
«Бавария II» командасының 20 жастағы вингері Артур Деграф неміс аймақтық лигасы аясында «Швабенге» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz

«Бавария II» командасының 20 жастағы вингері Артур Деграф неміс аймақтық лигасы аясында «Швабенге» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Баварияның» қосалқы командасының қаптал шабуылшысы чемпионаттың 11-туры аясындағы «Швабенге» қарсы ойында 45 минут өнер көрсетті. Кездесудің 89-минутында қазақстандық тамыры бар футболшы қорғаушы Давид Хайндльге нәтижелі пас беріп, ол есепті теңестірді – 3:3.
Қосымша уақытта мюнхендіктер тағы бір гол соғып, жеңісті жұлып алды да, турнирлік кестеде 10-орынға көтерілді. Олардың құрамы – лигадағы ең жас команда (орташа жасы 19,9).
Еске сала кетейік, Артур Деграф – Қазақстанның Қарағанды және Абай облыстарынан көшіп барған неміс репатрианттарының ұлы. Вингер «Баварияның» фарм-клубына 2025 жылдың шілдесінде «Ульмнен» ауысып келген. Ересектер деңгейіндегі 29 матчта ол үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
