Қазақстан құрамасына үміткер ойыншы «Баварияға» жеңіс сыйлады: оны Данте жаттықтырады
«Бавария II» командасының 20 жастағы вингері Артур Деграф неміс аймақтық лигасы аясында «Мюнхен 1860» клубына қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz

«Бавария II» командасының 20 жастағы вингері Артур Деграф неміс аймақтық лигасы аясында «Мюнхен 1860» клубына қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Баварияның» қосалқы командасының шеткі шабуылшысы чемпионаттың 15-турындағы «мюнхендік дерби» деп те аталатын «Мюнхен 1860» командасына қарсы ойында 27 минут өткізді. Кездесудің 75-минутында тегі қазақстандық футболшы гол соғып, матчтың нүктесін қойды – 4:2.
Айта кетейік, биылғы маусымда Артур Деграф арасында сол және оң қаптал қорғаушы позицияларында да өнер көрсетіп жүр.
Жаздан бері оның командасын «Бавария», «Ницца», «Вольфсбург» және Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Данте жаттықтырады. Ең жас құрамға ие бола тұра, команда Германияның төртінші дивизионының турнирлік кестесінде 12-орында келеді.
«ҚФФ ұсынысын қарастырар едік»: «Бавария» шабуылшысы Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
