Қазақстандық футболшы Венсан Компанидің клубында гол соқты: видео
«BX Brussels» клубының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Әл-Фараби Маделханов Бельгияның жасөспірімдер чемпионатында «Рейсингке» қарсы матчта өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz

«BX Brussels» клубының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Әл-Фараби Маделханов Бельгияның жасөспірімдер чемпионатында «Рейсингке» қарсы матчта өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Астана тумасы чемпионаттың ашылу матчында Волюве-Сен-Ламбер қаласының «Рейсинг» командасына қарсы толық 90 минут ойнады. Жартылай қорғаушы пенальти жасап, оны өзі сәтті орындады. Осылайша ол командасына маусымдағы алғашқы ұпайын еншілеуге көмектесті (2:2).
Еске сала кетейік, бойшаң футболшы (184 см – ред.) «BX Brussels» сапына өткен жылы қосылған болатын. Бұл клуб қазіргі таңда Мюнхеннің «Бавария» командасының бас бапкері Венсан Компаниге тиесілі.
Бұған дейін Әл-Фараби Маделханов шымкенттік ОРМБЖМ мен астаналық «Динамо» сапында доп тепкен. Қазіргі уақытта оның өкілі Испания және Португалия командаларымен келіссөздер жүргізуде.
«Галатасарайдағы» қазақстандық қорғаушы: Қазақстан құрамасындағы ойыным ауысуыма көмектесті
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
