Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды
17 жастағы шабуылшы Шахмұрат Дәулетов бельгиялық «Генк» клубымен кәсіби келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ASnews.kz.

17 жастағы шабуылшы Шахмұрат Дәулетов бельгиялық «Генк» клубымен кәсіби келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық ойыншы «Генкпен» үш жылдық мерзімге алғашқы толыққанды келісімнің шарттарын жасасты. Оң қапталда ойнайтын вингер Бельгияның төрт дүркін чемпиондары сапында бұған дейін марокколық қорғаушы Закария Эль-Уахдиге тиесілі болған 77-нөмірмен өнер көрсетеді.
U-23 Африка ұлттары кубогының иегері Эль-Уахди – Дәулетовтың бұрынғы агенті Мохамед Ашахбардың ұлы. Өткен трансферлік кезеңде ол 8 млн еуроға «Гамбургке» ауысқан болатын.
Айта кетейік, жоспарға сәйкес, «Антальяспордың» бұрынғы футболшысын командаға біртіндеп бейімдеу көзделген. Мәселен, 11 қазанда Шахмұрат Дәулетов елдің екінші дивизионы аясында өтетін «Йонг Генк» пен «Патро Эйсден» арасындағы матчқа қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, қапталдағы шабуылшы «Генк» академиясына 2024 жылы қосылған. Өткен демалыста ол «Сегека Аренада» «Фортунаға» қарсы бақылау матчының (1:2) 87-минутында алаңға шығып, дебют жасады. Сондай-ақ ол «Аякс» U-19 (2:2) командасының қақпасына гол соққан еді.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
