Қазақстандық жартылай қорғаушы танымал «Юнионға» гол соқты: Еуропа клубтары қызығушылық танытуда
Бельгиялық «BX Brussels» клубының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Әл-Фараби Мәделханов «Юнион Сент-Жиллуаз» жасөспірімдер командасына қарсы жолдастық кездесуге қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz

Бельгиялық «BX Brussels» клубының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Әл-Фараби Мәделханов «Юнион Сент-Жиллуаз» жасөспірімдер командасына қарсы жолдастық кездесуге қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«BX Brussels» U-19 және «Юнион» U-18 арасындағы бақылау ойыны 5:5 есебімен тең аяқталды. Астана тумасы алаңда 85 минут ойнап, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Қазақстандық жартылай қорғаушы бұл матчта орталық шабуылшы міндетін атқарды.
Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Венсан Компаниге тиесілі команда «Юнион Сент-Жиллуаз» және «Андерлехт» мамандарымен толыққан болатын.
Биылғы маусымдағы бес матчта Әл-Фараби Мәделханов төрт нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Отандық футболда ол шымкенттік БЖМОРМ және астаналық «Динамо» сапында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда қазақстандық ойыншыға Испания мен Португалия клубтары қызығушылық танытып отыр.
ҚФФ экс-қызметкері: Байсуфинов тұрғанда құрамаға ортаңқол шетелдіктің не керегі бар?
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
