Ресейлік сарапшы: Самородовты шешенге ұқсатамыз
Ресейлік «Матч ТВ» комментаторы әрі инсайдер Адам Ахмадов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Ахмат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді

Ресейлік «Матч ТВ» комментаторы әрі инсайдер Адам Ахмадов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Ахмат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
«Самородов бабында емес дей ме? Меніңше, оның ынтасы зор, тек жарақаттары барынша ашылуға мүмкіндік бермей жүр. Соңғы матчта Максимнің команда үшін қаншалықты уайымдайтыны байқалды. Сондықтан жақын арада ол бабына келіп, «Ахматқа» пайдасын тигізуі тиіс», – деді комментатор.
Сонымен қатар Ахмадов «Ақтөбе» мектебінің түлегіне тән ерекше эмоционалдық пен мінез туралы сұраққа жауап берді:
«Макс – жай ғана мінезді, қызуқанды адам. Шешенстанда тіпті: «Бұл жігіт тура өзіміздікі сияқты» деп қалжыңдайды (күліп). Оның үстіне ол басқа легионерлермен емес, жергілікті «бұзақы» Ибишевпен достасып алған», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Максим Самородов РПЛ-дың 11-турында «Зенитке» қарсы матчта (2:3) 33 минут ойнады. Бұған дейін қазақстандық вингер жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шыға алмаған еді.
«Ахмат» 11 ұпаймен Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде 13-орында келеді. Грозныйлық клуб сапында сондай-ақ ағымдағы маусымда барлық турнирде бар-жоғы 210 минут ойнаған Ғалымжан Кенжебек те өнер көрсетеді.
«Барымызды салуға міндеттіміз»: «Оқжетпес» легионері – еурокубоктарға шығу мүмкіндігі жайлы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
