Санемен бірге: қазақстандық футболшы «Галатасарай» сапында алғашқы ойынын өткізді
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шеткі қорғаушысы Джан Ходжаоглу «Галатасарай» сапындағы алғашқы матчта өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шеткі қорғаушысы Джан Ходжаоглу «Галатасарай» сапындағы алғашқы матчта өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Түркия чемпионатының жетінші турындағы «Касымпашаға» қарсы ойынға дайындық аясында «Галатасарай» жабық есік жағдайында жолдастық кездесу ұйымдастырды. Спаррингте негізгі құрам мен U-19 жастар командасының футболшыларынан құралған екі аралас ұжым өзара кездесті.
17 жастағы Джан Ходжаоглу оң жақ орталық қорғаушы позициясында ойнады. Қазақстандыққа Лерой Сане мен Исмаил Якобс сияқты жұлдыздар қарсы тұрды. Ойын есебі туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, ыстанбұлдық клуб Суперлиганың турнир кестесінде екінші орында келеді. 14 қазанда олар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды.
«Галатасарайдағы» қазақстандық қорғаушы: Қазақстан құрамасындағы ойыным ауысуыма көмектесті
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
