Сәтпаевпен бірге ойнауы мүмкін: «Челси» Хусановқа қызығушылық танытуда
«Челси» қаңтардағы трансферлік терезе алдында «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Абдукодир Хусановты жіьі бақылап отыр, деп хабарлайды ASnews.kz CaughtOffside порталына сілтеме жасап.

«Челси» қаңтардағы трансферлік терезе алдында «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Абдуқодир Хусановты жіті бақылап отыр, деп хабарлайды ASnews.kz англиялық CaughtOffside порталына сілтеме жасап.
22 жастағы өзбекстандық футболшы «Манчестер Ситиге» ауысқаннан кейін өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Алайда оның команда құрамындағы негізгі ойыншы мәртебесін сақтап қалу-қалмауы әзірге белгісіз.
Осы маусымды негізгі қорғаушы ретінде бастап, алғашқы матчтарда 90 минуттан ойнағанымен, АПЛ-дың соңғы екі ойынында қосалқы құрамда қалды.
Осыған байланысты «Челси» Хусановты мұқият бақылауда ұстап отыр. Лондондық клуб қаңтарда қорғаныс шебін күшейтуі мүмкін. Себебі команда Премьер-лиганың алғашқы бес турында қақпасына 12 гол жіберіп алды.
Сонымен қатар Хусановқа Премьер-лиганың тағы үш клубы да қызығушылық танытып отыр.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
