Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері шешуші матч алдында үлкен мәлімдеме жасады
Ағылшындық «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен маусымды сәтсіз бастағаннан кейін, «Дерби Каунтиге» қарсы алдағы матчты міндетті түрде жеңу керек деп атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz Burnley Express басылымына сілтеме жасап

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен маусымды сәтсіз бастағаннан кейін, «Дерби Каунтиге» қарсы алдағы матчта міндетті түрде жеңу керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ASnews.kz Burnley Express басылымына сілтеме жасап.
«Бізге тек жеңіс ұшқыны қажет»
Клуб тізгінін осыдан екі ай бұрын ғана ұстаған бельгиялық маман үлкен қысымға ұшырап отыр. Маңызды матч қарсаңында Хайен жағдайдың қаншалықты күрделі екенін жасырмады.
«Мен мұны бұрын да айтқанмын және өтірік айтудың қажеті жоқ: бұл матчта біз жеңіске жетуге міндеттіміз. Біз мұны өте көп күттік және барлығы осы жеңісті аңсап жүр. Бұған дейін де атап өткенімдей, жағдайды өзгерту үшін бізге тек ұшқын қажет. Әрине, жеңіс – бұл үшін ең жақсы шешім. Жалпы, біз алдағы ойынға үлкен батылдықпен қарап отырмыз», – деді бапкер.
Жанкүйерлер мен басшылықтың көңілі қалды
Британдық журналистердің қазір жеңіс кім үшін маңыздырақ – өзі үшін бе, әлде команда үшін бе деген сұрағына бапкер нақты жауап берді.
«Барлығымыз үшін: жанкүйерлер, басшылық және менеджмент үшін. Бұл клубты жақсы көретіндердің бәрі жеңісті қалайды. Жанкүйерлердің көңілі қалғанын, олардың ренжіп, ашуланып жүргенін түсінемін. Мен мұны толықтай қабылдаймын. Бірақ мұны мүмкіндігінше тезірек өзгерткім келеді, өйткені олар жеңіске әлдеқашан лайық болған. Сенбі күні бізде жақсы мүмкіндік болады», – деп қосты Хайен.
Өткен демалыста «Суонси Ситиден» (1:3) сырт алаңда ұтылғаннан кейін «Бернли» алғашқы жеті турда төртінші рет сәтсіздікке ұшырады. Команда турнир кестесінің ең соңғы сатысына түсіп кетті. Англиялық клубтың намысын 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев қорғайды.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
