Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды

Қазақстандық Дастан Сәтпаев өнер көрсететін ағылшындық «Бернли» маусымды сәтсіз бастағанына қарамастан, Чемпионшиптегі орнын сақтап қалады

Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
Дастан Сәтпаев

Қазақстандық Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» маусымды сәтсіз бастағанына қарамастан, Чемпионшиптегі орнын сақтап қалады. Мұндай болжамды BETSiE суперкомпьютері жасады, деп хабарлайды ASnews.kz жергілікті Burnley Express басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Бернли» үлкен дағдарыста: команда алғашқы 12 матчта небәрі бір жеңіске жетіп, қауіпті аймақта (төменгі лигаға ұшып кету аймағында) қалып қойды. Өткен демалыс күндері «Линкольн Ситиден» (1:4) ойсырай ұтылуы небәрі 106 күн жұмыс істеген бас бапкер Ники Хайеннің отставкасына алып келді.

Алайда, маусымның қалған бөлігіне 100 мың симуляция жасаған (күнтізбе қиындығын, xG кеңейтілген статистикасын және алдыңғы нәтижелерді ескере отырып) BETSiE суперкомпьютерінің алгоритмдері клубтың Чемпионшипте қалатынын болжап отыр. «Бернли» турнир кестесінің түбінен сәтті шығып, 58,8 ұпаймен 16-орыннан көрінеді деп күтілуде.

Әрине, бұл басшылық пен жанкүйерлер үшін керемет нәтиже емес – маусым алдында клуб АПЛ-ға оралу үшін таласады деген болжам жасалған еді. Суперкомпьютердің нұсқасы бойынша, маусым қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігіне «Вест Хэм», «Мидлсбро» және «Вулверхэмптон» енеді.

Дастан Сәтпаев өткен жазда «Бернли» сапына жалға алу құқығымен қосылды. Англияға көшіп барғаннан бері қазақстандық футболшы Чемпионшиптің жеті матчына қатысты, алайда әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алған жоқ.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз