«Жоғары деңгейге жетеді»: «Челси» туралы танымал YouTube-каналдың авторы – Дастан Сәтпаевтың болашағы жайлы
«Челси» клубы туралы британдық The Other Side Of The Coin YouTube-каналының авторы «Бернли» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсететін 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың келешегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz

«Челси» клубы туралы британдық The Other Side Of The Coin YouTube-каналының авторы «Бернли» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсететін 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың келешегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
52 мыңнан астам жазылушысы бар танымал ресурстың жүргізушісі жас футболшының мінезі мен менталитетін жоғары бағалады:
«Бұл жігіт жоғары деңгейдегі футболға өтеді. Мақсатқа деген ынтасы оны соған жеткізеді», – деді блогер.
The Other Side Of The Coin каналы сараптамаға, балама пікірлерге және лондондық «Челси» төңірегіндегі жаңалықтарды талдауға маманданған.
18 жастағы қазақстандық форвард Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен кездесуде (1:1) Сәтпаев негізгі құрамда шығып, 80 минут өнер көрсетті және кездесу қорытындысы бойынша матчтың үздік ойыншысы атанды. Қазақстандық футболшы үшін бұл матч «Бернли» сапындағы төртінші және бастапқы құрамдағы үшінші ойыны болды. Қазіргі уақытта «Бернли» еншісіндегі екі ұпаймен Чемпионшиптің турнирлік кестесінде 23-орында келеді.
«Челсидің» болашақ көшбасшысы»: сарапшы Сәтпаевтың «Бернлидегі» дамуына баға берді
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
